07.11.2025, 21:20
Жаңалықтар
Жолдар жабылды: «ҚазАвтоЖол» шұғыл ақпарат таратты
Жолдарды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған
Фото: istockphoto.com
«ҚазАвтоЖол» компаниясы еліміздің екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 7 қараша сағат 20:00-ден бастап шектеу қойылды:
Қарағанды облысы:
- «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы - Павлодар облысының шекарасы);
- «Қалқаман - Баянауыл - Үміткер – Ботақара»автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы).
Ақмола облысы:
- «Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы - Павлодар облысының шекарасы).
Жолдарды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Көп оқылған
10.08.2026, 09:59
Біреуді сотқа беремін деп, өзі кінәлі болып шықты: елордада ерекше сот ісі қаралды
10.08.2026, 16:08
Қазақстандық пауэрлифтер Гузаль Ергешева Англияда қайтыс болды
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
10.08.2026, 07:27
+41°C-қа дейін ыстық: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы