07.11.2025, 09:12
Жаңалықтар
Жүргізушілерге ескерту жасалды: еліміздің бірнеше өңіріндегі тасжолда көктайғақ болады
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Фото: freepik.com
«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның бірнеше өңіріндегі тасжолда ауа райы күрт бұзылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 7 қарашада Қостанай, Ақмола, СҚО, ШҚО, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады деген болжам жасалды.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы