$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әзербайжан армиясы НАТО-ның стандарттарына сәйкестендіріліп жатыр – Ильхам Әлиев

Ильхам Әлиев пен НАТО-ның делегация мүшелері кездесу өткізді

Әзербайжан армиясы НАТО-ның стандарттарына сәйкестендіріліп жатыр – Ильхам Әлиев
Фото: freepik.com

Әзербайжан армиясы НАТО стандарттарына сәйкестендіріліп жатыр. Бұл туралы президент Ильхам Әлиев ұйым делегациясымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Әзербайжан Республикасы президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Әзербайжан армиясы НАТО талаптарына сәйкестендіріліп, осы бағытта Түркия қарулы күштерімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

«Кездесу барысында Әзербайжан мен НАТО арасындағы қатынастарды кеңейтудің маңызы, сондай-ақ елдің альянспен серіктестік рөлі талқыланды.

Қонақтар президент Ильхам Әлиевті Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілікті дамыту бағытында Вашингтонда қол жеткізілген жетістіктерімен құттықтады.

Құттықтаулар үшін алғыс білдірген мемлекет басшысы бұл мәселеде АҚШ президенті Дональд Трамптың ерекше рөлін атап өтіп, қол жеткізілген келісімдер аймақтың дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Сонымен қатар Ильхам Әлиев НАТО штаб-пәтеріне жасаған сапарларын еске алып, Әзербайжан мен альянс арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бөлігі Ауғанстандағы операцияларды қолдау болғанымен, қазіргі таңда аймақтық даму, энергетикалық қауіпсіздік және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелері күн тәртібінде тұрғанын атап өтті», – делінген хабарламада.

Сұхбат кезінде Әзербайжанның НАТО-ның құнды серіктесі екені атап өтіліп, елдің Ауғанстандағы «Біртұтас қолдау» операциясына қатысудағы және аймақтық көлік-логистикалық орталық ретіндегі үлесі жоғары бағаланды.

Тараптар Әзербайжанның НАТО-ға мүше елдермен достық әрі стратегиялық серіктестік қатынастарына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Әзербайжан 1994 жылдан бері НАТО-ның «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы аясында белсенді қатысып келеді.

Кездесуде Әзербайжан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Серіктес жаңалықтары