$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасы арзандағанын хабарлады

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг жүргізді

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасы арзандағанын хабарлады
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеу жүргізілетін бірқатар дәрі-дәрмектің бағасы арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше қазіргі уақытта дәрілік заттардың 4994 саудалық атауына шекті баға бекітілді.

«Рецептіден тыс сатылатын тағы 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды және өкілетті органның тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіліп нарықтық бағалар бойынша өткізіледі», - деп жазылған хабарламада.

2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәрілік заттарға қойылған бағаларға мониторинг жүргізді. Зерттеуге бес фармакологиялық топқа:

  • вирусқа қарсы,
  • қабынуға қарсы,
  • бактерияға қарсы,
  • жүрек-қантамыр,
  • асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған 50 препарат қосылды.  

Биылғы қыркүйек айында жасалған талдау қорытындысы бойынша, маусым айымен салыстырғанда, позициялардың 34% (орта есеппен, 7,8%), ал қазанда позициялардың 50% бөлігінің (орта есеппен, 11,1%) бағасы төмендетілген.

Ең көп мына препараттар арзандаған: Гепар комп. Хеель, Ревмоксикам®, Цефяпс, ВАЛМАК-Н, Зитмак®.

Дәрілік заттарды сату кезіндегі заңбұзушылықтар туралы DariKZ және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы немесе Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департаменттеріне жүгіну арқылы хабарлауға болады.

Серіктес жаңалықтары