$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арамызда қалсын бәрі»: бауырларының қолдауына риза болған Мөлдір Мұқан көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Мөлдір Мұқанды бауырлары әнмен қарсы алып, қолдау білдірді

«Арамызда қалсын бәрі»: бауырларының қолдауына риза болған Мөлдір Мұқан көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Таяуда әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген Мөлдір Мұқанды бауырлары қонаққа шақырып, қолдау білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан үйге кіріп келе жатқан Мөлдірді аға-әпкелері продюсердің өзінің «Арамызда қалсын бәрі» деген әнімен қарсы алғанын көруге болады.

«Жүрегіндегі ауырлықтан, қара дақтан құтылуға қалай көмектесе аламыз... Мөлдір бір жылап, бір күліп ортамызда. Көңілін көтерейік, демеу болайық, күш берейік деп ағам мен жеңгемнің үйінде бауырлары тағы бір жиналдық. Мөлдір Мұқан деген атыңнан айналдық, сезімтал, адал жүрегіңнен айналдық. Қолдап жатқан ағайын, алыс-жақын таныстар, бәрін көріп отырмыз. Алла разы болсын», - деп жазды Мөлдірдің әпкесі Айгүл Түлкібайқызы.

«Жақындарыңызға бір зер салып қараңыз, жүрегіне қаяу салып жүрген жоқсыз ба? Қазақ қоғамына осындай бір төңкеріс біздің Мөлдір арқылы жасалу керек болғандай. Батылдығымен халық алдына шығып, көпшіліктің өмірге көзқарасын, отбасылық құндылық туралы шатаспауды, адалдықтың не екенін көрсетіп ойландырып қойды. Иә иә, өмірдің ащы шындығын, нағыз бет-бейнесін көруге көкірек көзімізді ашты», - деп толықтырды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айгүл Түлкібайқызы туған сіңлісі мен бұрынғы күйеу баласына қатысты жұрт білмейтін шындықты жайып салған болатын.

«Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсаң, барлығы Тұрсынбек пен Мөлдірді талқылап жатыр. Көбі Мөлдірді қолдап жатқанын көріп отырмыз. Мен Мөлдірдің әке-шешеміздің қанымен, тәрбиесімен келген тектілігін айтқым келеді. Қанша опасыздық жасалса да, ол Тұрсынбекті мырза деп сыйлап сөйлеп, көңілдесі туралы бір ауыз жаман сөз айтқан жоқ. Әйтпесе, туған апасы ретінде біз де көп нәрсені білеміз. Айтылуға тиіс небір сұмпайы тірліктер Тұрсынбектің абыройын сақтау үшін айтылмады. Мөлдір жоғарыда тұрды, олардың деңгейіне түспеді. 14 жыл шыдады, себебі біздің әулетте отбасы құндылықтары бірінші орында», – деп жазды ол.

Осыған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растады.

Серіктес жаңалықтары