Шымкентте балаларына алимент төлемеген адам сотталып кетті
Алимент өндіру бағытында қатаң шаралар қабылданып жатыр
Шымкент қаласында биыл прокуратураның бастамасымен 38 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істер сотқа жолданып, борышкерлерге қатысты сот үкімдері шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл Республика бойынша алимент төлеу міндетін орындамаған борышкерлерге қатысты тіркеліп, сотқа жолданған қылмыстық істердің 9% құрауда.
Соңғы сот үкімі бойынша 4 млн теңге алимент берешегі бар борышкер ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Аудан прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Алдағы уақытта қала прокуратурасының ұйымдастырумен осы бағытта жұмыстар өз жалғасын табады», – делінген прокуратура хабарламасында.