$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жауған қардан кейін бір түнде 17 жол апаты болды

Полиция жол апаттарының себептерін айтты

Алматыда жауған қардан кейін бір түнде 17 жол апаты болды
Фото: depositphotos.com

Алматы қаласында жауған қардан кейін сағат 18:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың арасында қаза болғандар жоқ, бірақ 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, жол апаттарының басым бөлігі қашықтықты сақтамау, жылдамдықты дұрыс таңдамау және жол қозғалысына қатысушылардың зейінсіздігі салдарынан болған.

«Алғашқы қардың жаууы әдетте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қиындық тудырады. Мұндай жағдайда жолдың беті тайғақ болып, тежеу жолы ұзарады. Дегенмен, көптеген жүргізуші ауа райы мен жол жағдайын ескермей, бұрынғы жылдамдықпен қозғала береді. Біз барлығын өте сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға және жол қауіпсіздігі әркімге байланысты екенін есте сақтауға шақырамыз», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полиция департаменті салқын ауа райының басталуымен көліктерді қысқы маусымға алдын ала дайындау, жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін тексеруі және жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыруы маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары, жаяу жүргіншілерге жолдан өтер кезде сақ болуды, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануды және жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпеуді еске салады.

Серіктес жаңалықтары