$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да мүгедек жандардың құқығы бірнеше жылдан бері тапталып келген

Осы олқылықты өтеу үшін бюджеттен 27 млн теңге бөлінді

ШҚО-да мүгедек жандардың құқығы бірнеше жылдан бері тапталып келген
Фото: istockphoto.com

Самар ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде 39 азаматтың, соның ішінде 7 кәмелетке толмағанның, «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда 2022 жылдан (аудан құрылған кезден бастап) бастап заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмаған. Аудан әкімдігі тұтынушылар санатын және тізбесін кеңейту туралы қаулы қабылдамаған.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады.

Бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды, сондай-ақ тұрақты түрде көлік қызметін көрсету үшін жүргізуші жұмыс орны ашылды.

Серіктес жаңалықтары