$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астаналық зейнеткер бұқаралық спорттың маңызын атап өтті

Ол жолдасы екеуі соңғы алты айда скандинавия әдісімен жүреді 

Астаналық зейнеткер бұқаралық спорттың маңызын атап өтті
Фото: БҰӨМ

Астанадағы «Белсенді жалғыз өмір сүру» клубының қатысушысы, 70 жастағы Ақмарал Нұрғалиева бұқаралық спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін айтты. Зейнеткердің айтуынша, спортпен күнделікті шұғылдану адам ағзасын сергітіп, өмір сапасын арттырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қандай спорт болса да, ол денсаулыққа пайдалы. Бастысы чемпион болу емес, өзің үшін, өз денсаулығың үшін қозғалу маңызды», – дейді зейнеткер.

Ақмарал Нұрғалиева скандинавиялық жүріске осы жылдың сәуір айында қатыса бастаған. Қазір ол жолдасымен бірге алты айдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

«Таңертең серуенге шығамыз, кешке тағы жүреміз. Үйде де қарапайым дене жаттығуларын жасаймыз», – дейді қатысушы.

Зейнеткер жастардың спортқа қызығушылығын жоғары бағалайды. Оның айтуынша, отбасы мүшелерінің барлығы спортпен айналысады біреуі футбол, енді бірі волейбол ойнайды.

«Немерелерімнің бәрі спортқа бейім. Біз де оларға үлгі болуға тырысамыз. Соңғы жылдары Астана қаласында көптеген марафондар ұйымдастырылып жүргені де қуантады. Бұл бұқаралық спорттың белсенді дамып жатқанын көрсетеді», – дейді ол.

Оның пікірінше, мұндай бастамалар зейнеткерлер мен жастардың белсенді өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік береді.

«Үкімет бізге, қарияларға осындай жағдай жасап отыр. Бұл келешек ұрпақтың дені сау болуы үшін маңызды», – дейді апа ризашылықпен.

Еске салсақ, президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуды елдің басты стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде жиі атап келеді. Бұл бағытта бірнеше маңызды мемлекеттік бағдарлама мен заңнамалық шаралар жарияланған. «Ұлт денсаулығын бекемдеу» тұрғысынан, Тоқаев барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін кеңінен насихаттау қажеттігін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары