$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

WhatsApp жаңа қауіпсіздік жүйесін енгізеді

Жаңа жүйе алаяқтардан қорғануға мүмкіндік береді

WhatsApp жаңа қауіпсіздік жүйесін енгізеді
Фото: istockphoto.com

WhatsApp пайдаланушыларды қорғау мақсатында жаңа қауіпсіздік тетігін іске қоспақ. Енді бейнеқоңырау кезінде белгісіз адам экранды көрсетуге әрекет жасаған жағдайда, жүйе бұл туралы пайдаланушыны автоматты түрде ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл функцияның мақсаты соңғы уақытта жиілеп кеткен алаяқтық әрекеттердің алдын алу. Көптеген жағдайларда алаяқтар өздерін банк, әуе компаниясы немесе басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, экранды көрсету арқылы пайдаланушылардың жеке деректерін иеленеді.

Meta компаниясы ұқсас жаңартуды Facebook Messenger қосымшасына да енгізбек. Бұл шаралар пайдаланушыларды алдау арқылы деректерге қол жеткізетін фишингтік схемалардан қорғауға бағытталған.

Алаяқтар жалған брендтік профильдер жасап, ресми парақшалардағы пікір қалдырған адамдармен байланысқа шығып, көмек көрсету сылтауымен экран көрсетуді сұрайды. Нәтижесінде, олар құпия ақпаратқа, логиндер мен растау кодтарына қол жеткізе алады.

Компания пайдаланушыларға белгісіз тұлғалармен сөйлескенде жеке немесе қаржыңыз туралы ақпарат бермей, бөгде сілтемелерге өтпеуге кеңес береді. Ресми мәселелерді тек ресми қолдау арналары арқылы шешу ұсынылады.

Сонымен қатар, егер біреу тез әрекет етуді талап етсе немесе әңгімені құпия ұстауды сұраса, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары