$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қабырғасы жарылып, тесік пайда болды: Түркістан әкімдігі салған үй қирап қалудың алдында тұр (ВИДЕО)

Іргетасы сын көтермей тұрған тұрғын үйге апатты жағдайда емес деген қорытынды берілген

Қабырғасы жарылып, тесік пайда болды: Түркістан әкімдігі салған үй қирап қалудың алдында тұр (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Түркістанда мембағдарламамен берілген үй қирап қалудың алдында тұр. Пәтерлердің ішінде жүргізілген жөндеу жұмысы сын көтермейді. Кафельдері қирап, қабырғалары үгітіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пәтер иесінің айтуынша, қабырғалары қақырап, пайда болған жарықшалардың арғы шетінен қаланы көруге болады.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар жылдар бойы баспана кезегіне тұрып әрең жеткен пәтерлер сапасыз салынған.

«Мынау енді не сұмдық?! Өздеріңіз қараңыздаршы, балалардың басына түсіп кетсе, не болмақ! Кафельдері қопарылып, ар жағына шығып кетіп жатыр. Қабырғаның арасынан қаланы көруге болады. Бізге айтады, қолы сыйғанымен (ред. – қабырғадағы жарықша), басы сыю керек, сол кезде ғана апатты жағдайда деп айтамыз дейді. Бұл қалай болғаны сонда?!» – дейді ашынған тұрғындардың бірі.

Жағдайға қатысты Түркістан қаласының әкімдігі түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, аталмыш оқиға Отырар мөлтек ауданында болған. №32 тұрғын үйдің құрылысы 2019 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» тарапынан салынып, пайдалануға берілген. Құрылыс жұмысын мердігер «Құрылыс – сервис-СК» ЖШС мекемесі жүргізген.

Белгілі болғандай, бұл үйдің іргетасында да проблема болып, қирап қалмауы үшін бетон құйылып, нығайтылған екен. Бұл туралы әкімдіктің түсініктемесінде айтылған.

«2021 жылы тұрғын үйдің жертөлесінде су кету салдарынан, тұрғын үйдің отырып, техникалық тексеруден өтіп, апаттық емес деген қорытынды алынған. Нәтижесінде тұрғын үйге ортаңғы бөлігінің артқы жағынан екі жерден нығайту – тіреу, яғни темір торламамен бетон құйылып, ретке келтірілген.

2023 жылы тұрғындар тарапынан подъезд және үйдің сыртқы қабатында жырықтар көбейюіне байланысты қайта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы қала әкімінің кезекті тұрғындармен кездесу барысында №32 үйдің тұрғындары үйдің жырықтарының үлкейгендігін және подъезд ішінде жырықтардың көбейгендігі туралы шағымын білдірді. Әкім тапсырмасына сәйкес тұрғын үйдің 5 жылдық кепілдік мерзімі өтіп кетуіне байланысты, демеушілер есебінен аталған тұрғын үйді қайта техникалық тексеруден өткізді. Нәтижесінде тиісті зерттеу орталықтарының ұйғарымымен апаттық емес деген оң қорытынды ұсынды. Техникалық тексеру барысында сарапшының ұсынысы бойынша қосымша түрғын үйдің ірге тасына (фундаментін нығайту) жан жақты 33 бетон тіреуіш құйылып, 16 пәтерге күрделі жөндеу (кафель, ішкі әрлеу, обой, краска эмульсия) жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда 1, 16,13,17, 21,23,24,25, 35,36,32, 48, 46,53,60, 57 пәтерге», – делінген түсініктемеде.

Кей пәтерлерде жарықшалар да болғаны жоғарыда айтылды. Әкімдік оған да жөндеу жүргізілгенін мәлім етті

«Ал І-ІІ подъездегі жырықтар қайта жөнделді. Үйдің отмоскасы отырған және бұзылған жерлер қайта қалпына келтірілді. Үйдің ірге тасы (цоколь) қайта сырланды. №18 пәтердің балконның төбесіне стяжка құйылды.

Қазіргі таңда әкімдік тарапынан тұрғындардың пәтерлерін жөндеп беру жұмысы жалғасып жатыр», – деп мәлім етті Түркістан қаласының әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары