Түркістан облысында қап-қара «гелендваген» мінген жігіттер әп-сәтте көліктерінен айырылып қалды (ВИДЕО)
Үйлену кортежінің жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды
Түркістан облысында үйлену кортежіне қатысқан 10 автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталы таратқан мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлері интернеттегі бейнежазбаларды мониторингтеу барысында бірнеше жүргізушінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғанын анықтаған. Оқиға «Алматы – Шымкент» автожолының 667-шақырымында болған.
«Гелендвагендер» жол қауіпсіздігін бұзған
Белгілі болғандай, Сайрам ауданының тұрғыны той кортежі үшін шамамен 10 көлікті, оның ішінде бірнеше «Гелендвагенді» жалдаған. Алайда жүргізушілер жол ережесін елемей, басқа көліктерге кедергі келтіріп, жол-көлік оқиғасы қаупін тудырған.
Жүргізушілер жазаланды, ұйымдастырушыға ескерту жасалды
Полиция барлық жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар автокөліктер арнайы тұраққа қойылды, ал той ұйымдастырушысына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.