$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман, өрт, боран: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Тұман, өрт, боран: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше аймағында жаңбыр, күшті жел және найзағай болады деп болжап отыр. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысында тұман күтіледі.

Талдықорғанда 1-3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Атырау облысында найзағай, күшті жел және өрт қауіпінің жоғары деңгейі сақталады.

Жетісу және Жамбыл облыстарында жел соғып, 1 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.

Орал мен Батыс Қазақстан облысында күшті жаңбыр жауып, өрт қауіпінің төтенше деңгейі күтілуде.

Атырау, Алматы және Қостанай облыстарында өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтау, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жылдамдыққа жететін жел соғып, өрт қауіпінің төтенше деңгейі болады.

Серіктес жаңалықтары