«Баламыздың болмағаны рас»: Бадықова жұрт білмейтін шындықты жария етті (ВИДЕО)
Оның экс-күйеуімен ажырасып кеткені жарияланған болатын

Танымал актриса Дариға Бадықова экс-күйеуі Дархан Мұсаев екеуінің ортасындағы бала жайлы жұрт білмейтін шындықты айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында көптен бері сақтап жүрген құпиясын жария етті.
«Ортамызда бала жоқ. Мен бір көкек ана емеспін ғой, баламды тастап кететіндей. Баламыздың болмағаны рас. Қарашаш – өзім бауырыма алған қыз. Мен оған ерекше мейірімімді бердім, қатарынан қалдырған жоқпын. оқыттым. Дархан деген кісі (ред. Дариға Бадықованың экс-күйеуі) Қарашаштың өмірін де ойлаған жоқ. Қарашашқа қазір ауыр тиіп жатыр», - дейді Дариға Бадықова.
Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова Дархан Мұсаевпен неліктен ажырасып кеткенін айтқан болатын.