11.10.2025, 23:14
Жаңалықтар
Атырауда құдалар арасында жанжал шығып, бірін-бірі пышақтап тастады
Олар қазір ауруханада жатыр
Фото: istockphoto.com
Атырауда ішімдікке сылқия тойған құдалар арасында жанжал шығып, бірін-бірін пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпарат Atyrau ONLINE Telegram-арнасында жарияланды. Онда келтірілген мәліметке сәйкес, төбелес «Рахат» шағынауданында болған.
«Алдын ала деректер бойынша, ер адамдар спирттік ішімдік ішкеннен кейін өзара жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан екеуі де пышақ жарақатын алған», — делінген хабарламада.
Полиция департаменті не дейді
Жараланғандар ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр. Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты