«Жүргіш әйел болсам, менен көк тиын да алмайтын еді»: Бадықова экс-күйеуі жайлы айтты (ВИДЕО)
Ол бұрынғы күйеуі туралы жұрт білмейтін шындықты айтты

Танымал актриса Дариға Бадықова экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың өзіне таққан айыптауына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса экс-күйеуімен бірге тұрған үйдің жай-күйін, оның мінезін, ақшасы болмағанын айтты.
«Біз жер үйді салғанда ақшамыз жоқ. Қақпасы жоқ үйге кіріп-шығудан ұялатынмын. «Не істейміз енді?» десем, «Құдайдың бұйырғаны болады» дейді. Жерді алды, бірақ үйді салған мен. Бірақ ол үйді мен беріп кеттім. Осы уақытқа дейін ол үйдің газын, жарығын төлеп отырмын.
Өзі театрда жүреді. Бірақ айтатыны, «маған рөл бермейді». «Рөл бермесе, кетпейсің бе енді» деймін. Бірдеңе айтсаң, қолындағысын лақтырып, қирата салады», - дейді актриса.
Ол сөзін жалғай отырып, алғашқы киносы түсірілмей тұрып, күйеуінен кетіп қалғанын айрықша атап өтті.
«Таптым-ау» фильмін түсірмей тұрып, мен үйден кетіп қалғанмын. Мен жүргіш, шөп салып кеткен әйел болсам, ол менен көк тиын да алмайтын еді.
Дүкеннен нан алып келші десем, ақша берші дейді. Нанға ақшасы жоқ.
Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Оған деп бір миллион теңге бердім. Екі рет барып келді», - деп Дариға Бадықова есіне алды.
Айта кетейік, осыған дейін Дархан Мұсаев экс-әйелі Дариға Бадықованың алғашқы киносы шыққаннан кейін қарым-қатынасында күдік пайда болғанын айтқан.