$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кинодан кейін бірнәрсені сезе бастадым»: Бадықованың экс-күйеуі шындықты жайып салды (ВИДЕО)

Ол жуырда Дариға Бадықовамен ажырасып кеткенін ресми түрде жариялаған болатын

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев жұбайымен қалай ажырасып кеткенін жайып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дархан Мұсаев жүргізуші Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында экс-жұбайының кинодағы сүйіктісі болып ойнайтын Олжас Абаймен қарым-қатынасы жайлы да қозғап өтті.

«Кинодан кейін бірнәрсені сезе бастадым. Білдіртпедім. Ананы, мынаны айтады, ойбай, Олжас деген керемет адам екен, оған көмектесейік дейді. Өнерде пиар қадамды дұрыс пайдаланайық, өнердегі қаншама адаммен серіктес болдым, енді Олжаспен болсақ, танымалдығымыз артып, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан жеке кәсіпкерлік ашып, киностудия жасаймыз, мына Олжасты емдейік, деп ерекше бір талпынды. Маған қызық (ред. – біртүрлі) болып көрінді. Содан өтірік, дымбілместің рөлін ойнап көрейінші деп жүрдім, бірақ барлық мәліметті жинап жүрдім, көрейін, қай жерге дейін барады екен деп. Солай жүргенде «Таптым-ау сені 1» киносын түсіретін болып шешеді, шешеміз», - дейді Бадықованың экс-күйеуі.

Ол сөзін жалғай отырып, ары қарай киноның жұмысы басталып кеткенін, алайда мұның бәрі өзі ұнамағанын, бірақ соңын күтуді ойлайды.

«Ер-азаматпыз ғой, өзінің әйелін қызғанбаған еркек – еркек емес деген. Содан Дариға дедім. Ең бірінші рет айттым, 2023 жылы. «Осы сен Олжас, Олжас дей бересің, тегі сені қызғанып бара жатқаным емес, бірақ сенің не, көңілің кетіп қалды ма?!» дедім. «Ойбай, мен қайтемін» деді. А, солай ма деп бір сендім.

Содан тағы да жүрміз, бір күні киноның түсірілімі басталды. Барсам, анау Олжас менен теріс айналып қашып жүр, негізі, бәрін біліп жүрмін. Жарайды, мұны да көрейінші дедім. Дариғаға хабарласып, мен сырттың жұмысын істей беремін бе, мына жақты да көрейін, тегі бір жарым бар, тіреуі бар екенін көрсін, ішкі жұмысқа да кірісейін деп едім. Сен келмеші, келсең, мен қазір ойнай алмай қаламын, Олжас та ойнай алмай қалады, сенен қорқады деп, осындай әңгіме айтты», - дейді Дархан Мұсаев.

Айта кетейік, осыған дейін Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасып кеткенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары