«Ажырастық»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
Олар 16 жыл бойы ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрген

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер иесі жұбайымен ресми түрде ажырасып кеткенін айтты.
«Құрметті ағайын! Елдің аузында жүрген сұраққа бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен отбасын құрдым. 16 жыл бойы ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрдік. Алайда 2024 жылдың күзінде ресми түрде ажырастық. Қазіргі таңда Дариғамен жеке өмірде де, шығармашылықта да ештеңе байланыстырмайды», – деп жазды актер.
Еске сала кетейік, әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің Дариға Бадықоваға тікелей эфир барысында жазған сөзі жұрттың ашуын келтірген болатын.
Дариға Бадықова парақшасы арқылы тікелей эфир өткізіп жатқан. Осы кезде өнердегі әріптесі Қайрат Әділгерей «Бетіме отырыңыз» деп жазады. Ал оның бұл пікірі желі қолданушыларының көңілінен шыға қойған жоқ. Бірі актердің әзілін анайы түрде деп айыптаса, енді бірі актриса күлкісін дарақылыққа балады.