$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?!»: Бадықованың экс-күйеуі жұрт күтпеген мәлімдеме жасады

Олардың жеке өміріндегі жағдайлар сұхбаттан кейін белгілі болды

«Жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?!»: Бадықованың экс-күйеуі жұрт күтпеген мәлімдеме жасады
Фотоколлаж Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Белгілі актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаевқа қатысты сұхбаты жарияланғаннан кейін кикілжің жаңа бағытта өрбіді. Дархан Мұсаев Дариға Бадықованың айтқан сөздері шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дархан Мұсаев өзінің осыған дейінгі резонансты сұхбатында ешқандай өтірік жоқ екенін ерекше айтып өтті.

«Осы уақытқа дейін қаншама адам хабарласты. Әрқайсына жеке-жеке жауап бермейін деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат бердім. Ал оған дейін қандай күйде жүргенімді өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен осы уақыт арасында өзіме өзім қол жұмсауға дейін бардым, көшеге шығудан қалдым. Әр адамға мазақ болғанша, сотталып кеткенім жақсырақ. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын», - деді ол.

Дархан Мұсаев сөзін жалғай отырып, бұрынғы әйелінің берген сұхбатындағы сөздерінің шындыққа жанаспайтынын меңзеп, мынандай дәлелдерін келтірді.

«Экс-ханым, берген сұхбатыңда «Таптым-ау сені» фильмін түсірмей тұрып, кетіп қалдым депсің. Онда неге сол кинодағы мотоцикл заң жүзінде менің атымда тіркеледі. Неге онда сол мотоциклді саған айдап үйретемін? Халыққа соны ашып айтсаң. Ашып айта алмасаң, мен айтамын шындықты! Халықтың алдында жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?!

2012 жылы жерді өзім алдым, әкем сол жердің басына палатка құрып қонып жатып, өзі бастап тұрғызып берген. 2015 жылы өз атыма несие алып, той басқарып, жұмысшылар жалдап, өзім салғанмын. Сол 2007-2015 жылдар аралығында қай жерде жұмыс істеп едіңіз? Қай жерде жұмыс істеп, қай ақшаңа салып едің?» - деп шүйлікті Дархан Мұсаев экс-әйеліне.

Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықованың қорғаушысы Айгүл Орынбек Дархан Мұсаевтың үстінен үстінен арыз түсіргені хабарланған болатын. Сол сияқты актриса сұхбатында экс-күйеуіне қатысты жұрт білмейтін шындықты жария етті.

Серіктес жаңалықтары