$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Барар жер, басар тау қалмады»: Нұрлан Еспановтың ұлы қарызға белшесінен батқан (ВИДЕО)

Олжас Еспанов алаяқтыққа ұрынып, 45 млн теңгеге қарызға кіргенін айтты

«Барар жер, басар тау қалмады»: Нұрлан Еспановтың ұлы қарызға белшесінен батқан (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/espanov_olzhas/

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов алаяқтарға алданып, қарызға кіріп кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менде бәрі керемет емес, бәрінің басында проблема бар. Мұңайып, қайғырып, түңіліп болғанмын. Адамды білмей, танымай, арласпай, сөгуге болмайды негізі. Бұл да бір сынақ деп ойлаймын. Алаяқтыққа ұрынып, 45 млн-ға қарызға кірдім. 2 жыл осы кредитпен әлек болып жүрмін. Барар жер, басар тау қалмады. Мемлекеттік органдар жұмыс істегісі келмейді. Банктегілер жоқ көліктің кредитін төлеңдер деп бізді «қораға» тыққысы келеді. Қысқасы айта берсең сериал болып кетеді. Кредит менің мойнымда, 45 млн тақалып тұр», - деп жазды Олжас Еспанов.

Ол ендігі мақсаты осы кредиттен құтылу екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұрынғы «Асыл», қазіргі «Елігай» тобының әншісі Ғалия Мұратова да алаяқтарға алданып қалғанын айтқан болатын. Қаскөйлер әншінің сеніміне кіріп, 3 млнға жуық қаражатын қолды еткен. Ең сорақысы олар өздерін Әділет министрлігінің қызметкеріміз деп таныстырған көрінеді.

«Мені алақтар 2 650 000 теңгеге алдап кетті. Қалай алданып қалғанымды өзім де білмеймін. Жақындарыма алданып қалмаңдар деп өзім айтып жүретінмін», - дейді Ғалия Мұратова.

Ол оқиғаның қалай болғанын бастан-аяқ баяндап берді.

Еске сала кетейік, Нұрлан Еспановтың ұлы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынның билетін алып-сатты деген күдікке ілінген болатын.

Серіктес жаңалықтары