$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ардагерлерге тағзым»: Жетісу өңірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған эко-акция өтті

Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды

«Ардагерлерге тағзым»: Жетісу өңірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған эко-акция өтті
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлерге тағзым» атты ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бүгінде ел ішінде табиғатты қорғау дәстүрін қалыптастырып, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттырып келеді.

«Бұл жай ғана сенбілік емес. Шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым ету, ерлігіне құрмет білдіру және жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Әрбір отырғызылған ағаш батырларымыздың ерлігін ұмыттырмайтын тірі ескерткіш ретінде көруге болады. Осы шара арқылы тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық сезімі артып, өңірдің экологиялық ахуалы жақсарып, қоғамды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу жолында тағы бір қадам жасалды деп білеміз. Бүгін отырғызған талдар жыл өткен сайын өсіп, тамырын жайып, бейбіт күннің құнын ұғынуға, тарихты естен шығармауға үндейтін болады», – деп «TAZA ECO» клубының еріктісі Еркеназ Кенжебекова акция туралы ойын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары