$ 546.96  642.73  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесіне жасанды интеллект әйел қосылды – оның аты SKAI

Компания бүгін оны президентке таныстырды

«Самұрық-Қазынаның» директорлар кеңесіне жасанды интеллект әйел қосылды – оның аты SKAI
Фото: «Самұрық-Қазына»

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры Астанада Digital Bridge халықаралық форумында президент  Қасым-Жомарт Тоқаевқа SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) нейрожелісін таныстырды. Ол Ұлттық әл-ауқат қорының өңірлер бойынша Директорлар кеңесінің цифрлық тәуелсіз мүшесі, деп жазады Azattyq Rýhy.

«SKAI - жасанды интеллект негізінде әзірленген және өңір бойынша Директорлар кеңесінің дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз мүшесі», - деп хабарлайды «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.

SKAI нейрожелісі ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарды, 2008 жылдан бергі Директорлар кеңесінің шешімдерін және Қордың құрылған сәтінен бастап жинақталған басқа да материалдарды талдай алады. Қазақстанға қатысты маңызды құжаттар желіге таралып кетпеу үшін «Самұрық-Қазына» SKAI-ды «Қазақтелекомның» екінші суперкомпьютерінде жұмыс істетеді.

Серіктес жаңалықтары