$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

FlyArystan компаниясы duty free тауарларын бортқа кіргізгені үшін жолаушыларынан ақы алып отырған

Прокуратура талабы бойынша FlyArystan duty free тауарларын тасымалдау қағидаларын жаңартты

FlyArystan компаниясы duty free тауарларын бортқа кіргізгені үшін жолаушыларынан ақы алып отырған
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының әуе көлігі прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының қол жүгінде duty free дүкендерінен алынған тауарларды тасымалдау тәртібіне өзгерістер енгізуге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуе компаниясының қызметін талдау барысында duty free саудасынан сатып алынған өнімдерді тегін тасымалдауға қатысты шектеулердің заңға қайшы екені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде FlyArystan өз ішкі қағидаларын түзетті.

2025 жылғы 1 қазаннан бастап халықаралық рейстердің жолаушылары duty free тауарларын қол жүгінде тегін алып өте алады. Жаңартылған құжат әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.

«Прокуратурада мұндай өзгерістер заңнаманы бірыңғай қолдануды қамтамасыз етіп, жолаушылар үшін түсінікті жағдайлар қалыптастыратынын және әуе компаниясы жұмысының ашықтығын арттыратынын атап өтті», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары