30.09.2025, 12:56
Жаңалықтар
Жаңа жылдан бастап талапқа сай келмейтін базарлар жабылады – Сауда комитеті
Өзгеріс 1 қаңтардан бастап күшіне енеді

Фото: gov.kz
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнама талаптарына сай жаңғыртудан өтпеген сауда базарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, талаптар орындалмаған жағдайда мұндай базарлардың қызметін уақытша тоқтату немесе толық жабу туралы іс сотқа жолданады.
Сауда комитеті базарлар қызметін құқықтық реттеуді күшейту мақсатында сауда қызметтерінің Ұлттық стандарттарын әзірлеп, енгізген.
Жаңа стандарттар:
- санитарлық,
- өрт қауіпсіздігі,
- қала құрылысы,
- сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау сияқты аспектілер бойынша бірыңғай талаптарды қамтиды.
Негізгі жаңалықтар:
- Ішкі сауда және базарлар қызметінің ережелері жаңартылды;
- Стандарттар мен нормаларды сақтау – міндетті;
- Базар регламенттерін бекіту, жалдау шарттарын рәсімдеу, әкімшілерге қойылатын талаптар нақты көрсетілген;
- Заң бұзған базар әкімшілері (мысалы, жалдау шартын жасасудан бас тарту немесе жаңғыртуды уақтылы жүргізбеу) әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
- Заңсыз жұмыс істейтін базарларды жабу туралы сотқа талап қою мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, базарларға қатысты 11 жаңа талап енгізіліп, тексеру процестері мен тәуекелдерді бағалау жүйесі қайта қаралды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
30.09.2025, 14:32
«Ақысы 1990 теңге»: енді ХҚКО қызметкерлері дайын құжаттарды үйге жеткізіп бере алады
30.09.2025, 09:23
Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірген ер адам ақыры ұсталды
30.09.2025, 22:44
«Реал» 45 минутта «Қайраттың» қақпасына пенальтиден ғана гол соға алды
Редактордың таңдауы
30.09.2025, 12:12
Сарыағашта 311 мұғалім сырқат балаларға «сабақ үйреткені» үшін жазаланды