$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда экологияға зиян келтірген кәсіпорынға 28 млрд теңге айыппұл салынды

Кәсіпорынның тиісті талаптарды орындамағаны белгілі болды

Павлодарда экологияға зиян келтірген кәсіпорынға 28 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Azattyq Rýhy

Павлодардағы кәсіпорын қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды.

Осы дерек бойынша тексерулер басталып, нәтижесінде экологтар «ЭкоАлем-ПВ» ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқаны анықталды.

Аталған құқықбұзушылық бойынша субъект Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің ставкасына қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді.

Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңгені құрады.

Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары