29.09.2025, 02:15
Жаңалықтар
Қарағанды облысында өзеннен ер адамның қаңқасы табылды
Марқұмның туыстарын іздеу жұмысы жүріп жатыр
Көрнекі фото: scmp.com
«Асар» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Қарағанды облысының тұрғындарынан 23 қыркүйек күні Нұра ауданында табылған адамның жеке басын анықтауға көмек көрсетуін сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаңқа сүйегі Құланөтпес ауылынан бес шақырым жердегі өзеннен табылған. Іздеушілердің мәліметінше, ер адамның үстінде сұр-жасыл түсті камуфляж шалбар, Armani белбеуі және Northland маркалы қара түсті кроссовка болған.
Ерекше белгі ретінде ауызының төменгі тұсында алдыңғы үш-төрт тісінің жоқтығы айтылды.
Еріктілер марқұм немесе оның туыстары туралы қандай да бір мәліметі бар жандарды «Асар» жасағына немесе құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 14:40
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды