$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында мектеп оқушыларына берілетін самсаның ішінен тірі құрт шықты (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты аудандық білім бөлімі түсініктеме берді

Жетісу облысында мектеп оқушыларына берілетін самсаның ішінен тірі құрт шықты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында мектеп оқушыларына берілетін самсаның ішінен тірі құрт шыққаны туралы видео тарады. Оқиғаға қатысты Көксу аудандық білім бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысы Қуат Құзбаевтың айтуынша, видеода көрсетілген дерекке байланысты мектеп оқушыларының ата-аналарына түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Бақылау іс-шараларын өткізу үшін білім бөлімі ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хат жолдады. Бақылау шараларының қорытындысы бойынша мектеп асханасының жалға алушысына Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қолданылады», – деді ол.

Сонымен қатар ол жүргізілген бақылау нәтижелері міндетті түрде қоғамға жария етілетінін қоса айтты.

Серіктес жаңалықтары