28.09.2025, 21:14
Жаңалықтар
Көкшетауда көпқабатты үй қызыл жалынға оранды: оттың ортасында ондаған адам қалды
Олардың бәрі аман-есен құтқарылды
Фото: Видеодан скрин
Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылында бес қабатты тұрғын үй алапат отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
От төртінші қабаттағы балконды шарпып, кейін жоғары қабаттағы балконға тараған.
«ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндірілді. Жоғары қабаттарға су жеткізу үшін өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланды, бұл сырттан өртті тиімді сөндіруге мүмкіндік берді», — деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы түтін басқан подъезден 28 адамды, оның ішінде сегіз баланы сыртқа шығарды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді