«Шындықтың бетін ашамын»: Заттыбектің ешкім білмейтін баласы ел алдына шықты (ВИДЕО)
Ол кісіден маған көп нәрсе жұққан, дейді композитор

Композитор Арысбек Бағдәулетұлы видео жариялап, белгілі әнші Заттыбек Көпбосынов екеуін не байланыстыратынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айтуынша, көпшілік оны Заттыбекке ұқсататын көрінеді.
«Бүгін мен бір шындықтың бетін ашайын деп тұрмын. Негізі Заттыбек менің әкем. Ол кісіден маған көп нәрсе жұққан. Түрімнен бөлек, ол кісінің өнері, композиторлығы берілген. Егер сіздерге хит ән, ерекше ән керек болса, хабарласыңыздар. Әкесін танытып тұрып жазып беремін. Айтпақшы, Заттыбек ағам өмірдегі емес, өнердегі әкем. Әкелеріңізді ұмытпаңыздар», - деді Арысбек Бағдәулетұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арысбек Бағдәулетұлы ауыр сөз айтқаны үшін Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрған болатын. Ол мәселенің байыбына жетпей, әнші ағасын ренжітіп ала жаздаған.
«Он шақты рет жазған шығармын. Оқиды да, жауап бермейді. Содан бір күні қызбаланып, «жұлдыз екеніңіз белгілі, әрине халықтың арқасында көтерілдіңіз, Ассалаумағалейкум деген Алланың нұры жаусын деген сөз ғой» деп қатты кеттім», - деп еске алды композитор.