$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір-бірін аяусыз тепкіледі: Астанада жастар қырылып төбелесті (ВИДЕО)

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Бір-бірін аяусыз тепкіледі: Астанада жастар қырылып төбелесті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада №61 бағыттағы қоғамдық көлікте төбелес шықты. Жолаушылар арасындағы дау тез арада төбелеске ұласты, ал оқиғаның видеосы желіге тарады. Қазір полиция төбелескендердің жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, бәрі жас жігіттер арасындағы жанжалдан басталған. Сөз талас төбелеске ұласты, ер адамдар бір-бірін аяқпен теуіп, бірін бірі ұрып жатты, ал өзгелері оларды ажыратуға тырысты. Оқиғаның соңында жас жігіт автобустан түсіп, қарсыласын сыртқа шығуға шақырды.

Полиция агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде оқиға фактісін растады.

«Сарыарқа аудандық полиция басқармасы тұлғаларды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары