$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында үш жасар қыз бала адам шошырлық жарақаттан көз жұмды: әкесі қамауға алынды

Ол 20 қыркүйек күні Тереңкөл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне аса ауыр жағдайда түскен

Павлодар облысында үш жасар қыз бала адам шошырлық жарақаттан көз жұмды: әкесі қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 3 жасар қыз бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды. Оның өліміне кінәлі деген күдікпен әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүлдіршін 20 қыркүйек күні Тереңкөл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне аса ауыр жағдайда түскен.

«Бас сүйегінің желке тұсындағы бөлігі жабық сынған, сол жақ қасының үстінде жарақат, жұмсақ тіндердің көптеген жарақаттары және денесінде көгерген іздер анықталды. Жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтиже бермей, өлім тіркелді», – делінген басқарма хабарламасында.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

«Қылмыс жасады деген күдікпен әкесі ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары