Маңғыстауда қайғылы жағдайда үш баласынан айырылған отбасыға ЭКО-ның сертификаты тегін берілді
Олардың үлкен қызы жүкті болған

Маңғыстау облысында биыл 23 ақпанда улы газға уланып, үш баласынан айырылған отбасыға экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) рәсіміне тегін сертификат табысталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сертификаттың табысталу сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, ел арасында кең қолдау тапты. Видео Алмасбек Батыровтың Instagram парақшасында жарияланды.
Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданының Қаламқас шағын ауданында болған. Улы газдан 1995, 2012 жылдары туған қыз бала, 2009 жылы туған ұл бала көз жұмды. Балалардың туыс әпкесі аман қалғанымен, олар да зардап шекті.
Ал бұл уақытта балалардың анасы Күмісай Оралбайқызы Астанада жүрген, ал әкесі Айдарбек жұмыста болған екен. Сол күні газ ашық қалып, балалар содан уланып қалған.
Отағасы алғашында ЭКО-ға үзілді-кесілді қарсы болғанын, бірақ жақындарының қолдауының арқасында бұл қадамға баруға бел буғанын жеткізді.
Ерлі-зайыптының айтуынша, үш баласы да тәрбиелі, үлгілі, жақсы оқитын болған. Өкініштісі үлкен қызы жүкті болған екен, құрсағында екі айлық сәби болған. Ал 2009 жылы туған ұл бала колледжде білім алып жүрген, кенжесі Smart School мектебінде оқыған.
«Мұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін. Әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмаймыз. Бұрын күлкіге толы үйіміз қазір қаңырап бос қалды», – деп ерлі-заыпты көзіне жас алды.