$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған

Ол жүргізуші куәлігінен айырылды

Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған
Фото: Видеодан скрин

Тараз қаласында №17 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушыларды мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Полицейлер күдік тудырған автобусты тоқтатып, тексеріс жүргізген.

Медициналық сараптама нәтижесінде 55 жастағы жүргізушінің мас күйінде болғаны расталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Мас күйінде көлік жүргізу жолдағы қауіпсіздікке нақты қатер төндіреді және заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі», – деп атап өтті полицияда.

Серіктес жаңалықтары