$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық болады

Синоптиктер болжамы жарияланды

Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі.

26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауылдық жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

«Батыс өңірде түнде ауа температурасы 12-17-ден 2-7 жылыға дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20-28-ден 10-23 жылылыққа дейін.

Солтүстік-батыста түнде 7-15-тен 3-11 жылылыққа дейін, күндіз 23-29-дан 10-18 жылылыққа дейін.

Солтүстікте түнде 10-16-дан 5–13 жылылыққа дейін, күндіз 20-28-ден 12-25 жылылыққа дейін.

Орталықта түнде 5-13 жылылық, күндіз 20-25 жылылық.

Шығыста түнде 0-8-ден 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-25-тен 20-28 жылылыққа дейін.

Оңтүстікте түнде 5-15, күндіз 25-30 жылы.

Оңтүстік-шығыста түнде 5-13-тен 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, күндіз 15-27-ден 22-30 жылылыққа дейін», – делінген синоптиктердің болжамында.

Серіктес жаңалықтары