$ 542.8  637.84  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайрат» пен «Реал» матчының билетін алып-сатарлар жарты миллион теңгеге сатып жатыр

Матч билетін сатып ала алмай қалған жанкүйердің бірі әлеуметтік желіге жазба қалдырды

«Қайрат» пен «Реал» матчының билетін алып-сатарлар жарты миллион теңгеге сатып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматыда Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойынның билетін алып-сатарлар 500 мың теңгеден сатып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарландыру Threads әлеуметтік желісінде жарияланды.

Матч билетін сатып ала алмай қалған жанкүйердің бірі әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

«Жарайды, алып-сатарлар билетке қатысты өз бағаларыңды айтыңдар», – деп жазады.

Ал оның астына алып-сатарлар адам шошырлық бағаларын жазып қалдырды.

«150 мың теңгеге алдым. Енді 500 мың теңгеге сатамын. Алатын болсаңыз, алдын ала 70 пайызын төлеуіңіз керек. Ал қалғаны кіреберісте. Өзіміздің жеке куәлігімізбен кіргізіп жібереміз», – деп жазды алып-сатардың бірі.

Ал тағы бірі 50 пайызын алдын ала төлеуді талап етіп отыр.

«41 сектор. Билет құны – 150 мың теңге. Ұнамаса, үндемей өтіп кете беріңіз. Ойыңыздан айнып қалмас үшін алдын ала 50 пайызын төлеуіңіз керек. Себебі, билеттің өзін матч болатын күні ғана береді. Өзіміз де матчқа барамыз. Күйеуім екеуіміз жеке барып, кіргізіп жібереміз. Өзіміздің ЖСН нөмірімізге алдық», – деп жазды желі қолдынушылары.

Айта кетейік, екі команда арасындағы матчтың билеті кеше сағат 17:00-де басталып, санаулы сағаттың ішінде бітіп қалған. Ал билеттердің ең арзаны 30 мың теңгеден басталып, 250 мың теңгеге дейін жетті.

Серіктес жаңалықтары