Синоптиктер бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады
«Қазгидромет» сәрсенбі, 24 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, тұман түседі, жел соғады.
Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз, Петропавл қалаларында, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкент, Түркістан қалаларында, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал, Атырау қалаларында, Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.