$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қарапайым 8 мыңнан астам адамның үйінде қару-жарақ бар

Алматы қаласында «Учаске» іс-шарасы өтуде: 8 мыңнан астам қару иесі тексерілді

Алматыда қарапайым 8 мыңнан астам адамның үйінде қару-жарақ бар
Фото: istockphoto.com

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматыда 1 қыркүйектен басталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 8 мыңнан астам қару иесі тексерілді. Нәтижесінде 185-тен астам құқықбұзушылық анықталып, заңға сәйкес әкімшілік шара қолданылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара басталғалы бері 8 мың 603 қару иесі тексерілді. Тексеру барысында қаруды сақтау, сондай-ақ оны тіркеу мен қайта тіркеу мерзімдерін бұзу бойынша 185-тен астам құқықбұзушылық анықталды. Барлық құқықбұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Біз барлық қару иелерін азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заң талаптарын қатаң сақтауға, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдерін бақылауға және қаруды тұрғылықты жерде сақтау ережелерін бұлжытпай орындауға шақырамыз. Бұл – әр азаматтың және жалпы қоғамның қауіпсіздігінің негізі», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция Басқармасының бастығы Асхат Кұлбаев.

Серіктес жаңалықтары