$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада айырбастау пунктерінде доллар 546 теңгеден сатылып жатыр

KASE саудасында доллардың орташа бағамы 542,67 теңге болды

Астанада айырбастау пунктерінде доллар 546 теңгеден сатылып жатыр
Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 542,67 теңгені құрап, 1,33 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 22 қыркүйекте 541,19 теңге болып бекітілді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде қазіргі уақытта долларды сатып алу орташа есеппен 542,59 теңге, сату – 544,43 теңге деңгейінде. Ал Астанада долларды орта есеппен 541,41 теңгеден сатып алып, 546,47 теңгеден сатуда.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 0,34 теңгеге өскен, 16 қыркүйекте – 1,49 теңгеге төмендеген, 17 қыркүйекте – 1,25 теңгеге, 18 қыркүйекте – 0,21 теңгеге көтерілген, ал 19 қыркүйекте 0,09 теңгеге арзандаған болатын.

Серіктес жаңалықтары