Карантин талаптарын сақтамаған симптомсыз вирус тасымалдаушыларға айыппұл салынады
Қазіргі таңда індеттің белгілері жоқ науқастар арнайы байланыс құралдары арқылы бақылауға алынған
Карантиндік талаптарды сақтамаған симптомсыз вирус тасымалдаушыларға айыппұл салынады. ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова симптомсыз вирус тасымалдаушылардың қалай бақыланатынын айтты.
«Симптомсыз адамдар алдын ала анықталғаннан кейін қолхат алынады. Қолхатта карантиндік талаптарды сақтау туралы, өзін-өзі оқшаулау сияқты талаптар бар. Оны ескермеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады. Егер де симптомсыз КВИ тасымалдаушының басқа біреуге жұқтырғаны анықталса, онда қылмыстық заңнамаға сәйкес, «қасақана жұқтыру» фактісі ретінде саналады», - деді А. Есмағамбетова.
Қазіргі таңда симптомсыз вирус тасымалдаушылар арнайы байланыс құралдары арқылы бақылауға алынған.