ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Биыл әлем мұсылмандары қажылық парызын өтей алмайды

Сауд Арабиясы Қағбаға тек санаулы адамдардың ғана кіретінін мәлімдеді

Сауд Арабиясының билігі биылғы қажылыққа тек елде жүрген мұсылмандардың ғана қатысатынын айтты. Мұндай шешім коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған, деп жазды РИА Новости.

Айта кетейік, коронавируспен ауырғандардың саны жағынан Сауд Арабиясы араб елдері арасында көш бастап тұр. Елде 161 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған. Соңғы бірнеше аптадан бері тәулігіне кемі 3 мың адамнан КВИ анықталып жатыр.

Мекке қаласының аумағы келушілер үшін жабық. Өйткені, инфекцияның ошағы осы қалада, қажылық парызын өтеушілер жан-жақтан келіп, вирус мұнда тез таралып кетті.

«Коронавирус пандемиясына және оның адамдарға тигізіп жатқан зауалына байланысты 1441 жылғы (2020 жыл) қажылық тек санаулы адамдардың қатысуымен өтеді. Олар қазір Саудия аумағында жүрген мұсылмандар және олардың қатарында түрлі ұлт өкілдері бар», - делінген ел билігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, пандемия басталған уақыттан бері Сауд Арабиясында 1 307 адам көз жұмып, 105 мыңы ауруынан жазылып шыққан.