$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2020, 11:23
Жаңалықтар

«Айыппұл көбейеді». Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды

Жылу орталықтары тиісті құжат алуға асығар емес 

«Айыппұл көбейеді». Асқар Мамин жылыту маусымына дайындықты пысықтауды тапсырды

Бүгінгі Үкіметтің селекторлық отырысында алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық барысы қаралды. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

«2019-20 жылдардағы жылыту кезеңі штаттық режимде өтті. 24 технологиялық бұзушылық тіркелді, бұл өткен маусымнан 33 жағдайға аз. Барлық технологиялық бұзушылық өз мерзімінде жойылды. Жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамаған 48 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға аз», - деді Атамқұлов өз баяндамасында.

Нұрлан Ноғаев энергетикалық кәсіпорындар жылыту кезеңіне әзірлік паспортын алмаған жағдайда айыппұлды көбейтуге ұсыныс берді. Себебі, қазір 260 кәсіпорынның 34-і әлі аталған құжатты алмаған.

Айта кетейік, алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында елдегі 8 энергетикалық блокты, 59 қазандық пен 44 турбинаны жөндеу, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халық үшін нарықта көмірдің болуын қамтамасыз ету көзделген.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық шараларын күшейтуді, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтауды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың барлық нысанының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Тұрғындарды көмірдің қажетті көлемімен, ЖЭО мен қазандықтарды отынмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алып, отынның, әсіресе, тұрғындар үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдау қажет», — деді А. Мамин.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары