$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда бірнеше бала мысықты 10-қабаттан лақтырып жіберді (ВИДЕО)

Қазір осыған қатысты полиция тексеріс бастады

Екібастұзда бірнеше бала мысықты 10-қабаттан лақтырып жіберді (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Екібастұзда үш бала көпқабатты үйдің 10-қабатынан мысықты лақтырып жіберді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына балалардың мысықпен «ойнап жүргені» түсіп қалған. Бір сәтте жануар биіктен құлап, қаза тапқан. Видеода бір ұл мен қыздың баспалдақ жанында тұрғаны, сол кезде мысықтың құлап кеткені көрінеді. Кейін тағы бір бала қосылып, үшеуі жануардың айналасында айналшықтап жүргені байқалады.

Жергілікті тұрғын түсірген басқа видеода баланың өлген мысықты қолына алып: «Бұл біз емес» деп жауап бергені жазылған. Жануардың қаны аққан денесін ол көшеге алып шыққан.

Еріктілердің айтуынша, ата-аналардың реакциясы шошытқан:

«Оларға бәрібір болды. Әрқайсысы өз баласын ақтап, ондайға бармайтынын айтты. Бірақ фактілер бәрін дәлелдеп тұр. Ата-аналар, ойланыңыздар: бүгін балаңыз мысықты лақтырды, ал ертең ше?» – деді олар.

Зооқорғаушылардың айтуынша, балалардың бірі бұған дейін де жануарларға қатыгездік көрсеткен. Олар құқық қорғау органдарынан істі тергеп, ата-аналарды жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Аталған видео бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары