Алматы облысында бойжеткен құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды
Туристің басы айналып, әлсіреп қалған

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады , деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы облысы Талғар ауданында теңіз деңгейінен 3053 м биіктікте орналасқан Фурманов шыңында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді», - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар тауда көмекке мұқтаж туристке көтерілді, оның жағдайы нашарлап кеткен: басы айналып, жүрегі айнып, әлсірегендіктен, өз бетінше таудан түсе алмаған.
ҚР РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Еске ала кетейік, таяуда Алматы тауларына шыққан шетелдік турист төмен түсе алмай қалған болатын. 49 жастағы Словакия азаматы тауда серуендеп жүріп, аяғын сындырып алған. Оған құтқарушылар экипажы жедел көмек көрсетті.