$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аида Балаева «Интервидение-2025» байқауынан кейін Amre-ге қолдау білдірді

Ол әншінің халықаралық сахнадағы өнерін жоғары бағалады

Аида Балаева «Интервидение-2025» байқауынан кейін Amre-ге қолдау білдірді
Фото: instagram.com/amre_official

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Amre-нің халықаралық сахнадағы өнерін жоғары бағалап, оның шығармашылығына сенім білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрдің қолдауы

Қазақстандық әнші Ернар Садырбаев (Amre) «Интервидение-2025» халықаралық ән байқауында ел намысын қорғап шықты. Байқаудан кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Instagram желісінде арнайы жазба жариялап, өнерпазға жылы лебізін білдірді.

«Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!», – деп жазды министр.

Amre жайлы

Amre – қазақстандық эстрададағы ерекше тембрімен танылған орындаушы. Ол бұған дейін де түрлі халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, тыңдарманын баурап келген.

«Интервидение» – посткеңестік кеңістіктегі ең ірі халықаралық музыкалық жобалардың бірі. Байқау жыл сайын Еуропа мен Азияның ондаған елінен келген орындаушыларды жинап, мәдени байланысты нығайтуға ықпал етеді. Қазақстан бұл жобаға бірнеше рет қатысып, ұлттық өнерді таныстыруда белсенділік танытып жүр.

Серіктес жаңалықтары