$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде екі жігіт мінген көлік өзенге құлап кете жаздады

Бір жігіт пен жасөспірім құтқарылды

Ақтөбеде екі жігіт мінген көлік өзенге құлап кете жаздады
Фото: ТЖМ

Ақтөбеде балық аулауға шыққан екі жас жігіттің көлігі сырғып, өзенге құлап кете жаздады. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дер кезінде жетіп, апаттың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға қалай болды?

Төтенше жағдай Ақтөбе қаласының шетінде, республикалық маңызы бар «Солтүстік айналма» автожолының 13-шақырымында, Ілек өзенінің маңында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 20 және 17 жастағы жігіттер балық аулауға барған. Алайда жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, өзен жағасындағы жарқабаққа тіреліп қалған.

Құтқару операциясы

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы жабдықталған техника көмегімен көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.

 «Көліктің өзенге құлап кету қаупі болды. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеті арқасында көлік те, ішінде болғандар да аман қалды», – деп хабарлады ведомство.

Зардап шеккендер жоқ Көліктегі екі жас жігіттің де жағдайы жақсы. Медициналық көмек қажет болмаған.

Серіктес жаңалықтары