$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.06.2020, 03:42
Жаңалықтар

23 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбі күні кей жерлерде жаңбыр жауады

23 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанның кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр жауады. Басқа өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, шығыста тұман түседі.

Ақмола, Қызылорда, Павлодар, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Күндіз Жамбыл Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары