23.06.2020, 02:34
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асты
Ал қайтыс болғандар саны 470 мыңға жуықтап қалды
Фото: ашық дереккөзден
Джонс Хопкинс университеті жариялаған мәліметтерге сенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 9 миллионнан асқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Әлем бойынша коронавирустан 469 мыңнан астам адам қайтыс болды. Көз жұмғандар саны бойынша АҚШ (120 мың), Бразилия (50 мың), Ұлыбритания (42 мың), Италия (34 мың), Франция (29 мың) және Испания (28 мың) көш бастап тұр.
Ал COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша алдыңғы орында АҚШ (2,28 млн), Бразилия (1,08 млн), Ресей (591 мың), Үндістан (425 мың), Ұлыбритания (306 мың) және Испания (292 мың) тұр. Коронавирус ең алғаш анықталған Қытай 83,3 мың науқаспен отызыншы орында тұр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті