$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«90 пайызы – жүргізушілердің қателігінен»: Қазақстанда жол апаты 42 пайызға артты

Полиция жыл сайын 13 млн жол ережесін бұзу дерегін анықтайды

«90 пайызы – жүргізушілердің қателігінен»: Қазақстанда жол апаты 42 пайызға артты
Фото: «ҚазАвтоЖол»

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында жол-көлік оқиғаларының жиілеуі талқыланды. Биыл жыл басынан бері елде жол апаттарының саны 42%-ға, зардап шеккендердің саны 52%-ға артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, апаттардың 90%-ы жүргізушілердің қателігінен болады. Бұл жағдай 2018 жылы авто­мектептерді лицензиялаудың тоқтатылуымен және онлайн-өздігінен дайындалу тәжірибесінің таралуымен байланыстырылады.

ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха жыл сайын полиция 13 млн жол ережесін бұзу дерегін анықтайтынын айтты.

Ал премьер-министр мәселе тек авто­мектептерде емес, сонымен қатар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің мәдениетінде және жол инфрақұрылымында екенін атап өтті.

Үкімет мынадай қадамдарды жоспарлап отыр:

  • авто­мектептерді қайта лицензиялау;
  • заңсыз тасымалдаушылармен күресу;
  • көпжолақты жолдар салу;
  • жаяу жүргінші өткелдері, тротуарлар мен жарықтандыруды көбейту;
  • бейнебақылау желісін кеңейтіп, дрондарды пайдалану.

Үкімет трассалардың қауіпті учаскелерін қайта тексеруді, құрылыс және жөндеу стандарттарына қатаң бақылау орнатуды, сондай-ақ акиматтарға жолға мал шығуына жол бермеуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары