$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерейментауда күрестен өткен турнирде мойнын «үзіп алған» бозбала ауруханада қайтыс болды

О жарақат алғаннан кейін жедел ауруханаға жеткізілген

Ерейментауда республикалық қазақша күрес турнирінде ауыр жарақат алған 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Ол Астанадағы аурухана төсегінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 7 қыркүйекте болған. 2010 жылы туған жеткіншек жарыс кезінде жарақат алып, санитарлық авиациямен Ақмола облысынан Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілген.

Бала ауруханаға түскенде жағдайы өте ауыр болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған қажетті барлық реанимациялық және емдік шаралар жүргізілген, республикалық деңгейдегі мамандардың қатысуымен бірнеше мәрте консилиумдар өткізілген.

«Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, баланың жағдайы күннен-күнге нашарлап, 15 қыркүйек күні қайтыс болды», – делінген Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары