$ 541.01  640.34  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда несие мерзімін комиссиясыз кейінге шегеруге болады: қаулы қабылданды

Несиесі барларға үш айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді

Қазақстанда несие мерзімін комиссиясыз кейінге шегеруге болады: қаулы қабылданды
Фото: istockphoto.com

Кейбір қазақстандықтар несие бойынша комиссиясыз кемінде үш ай мерзімге және өзге де төлемдерсіз мерзімін шегеруге мүмкіндік ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа қаулы қабылдады. 2025 жылғы 28 тамыздағы №49 қаулы бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары әлеуметтік осал топтағы және төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға кемінде үш ай мерзімге берешекті өтеуді кейінге қалдыруға міндетті. Бұл ретте ешқандай комиссия немесе қосымша төлем алынбайды.

Қай жағдайда беріледі?

Кейінге қалдыру мүмкіндігі мынадай жағдайларда қарастырылған:

  • қарыз алушының соңғы екі айдағы орташа табысы алдыңғы 12 айдағы кіріспен салыстырғанда 30%-дан астам төмендесе;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болса.

Құжаттардың бірыңғай тізімі

Несиелік ұйымдардың негізсіз бас тартуына жол бермеу үшін берешекті реттеу кезінде ұсынылатын құжаттардың бірыңғай тізімі бекітілді. Олардың қатарында:

  • жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
  • соңғы алты айдағы кірісі туралы мәлімет;
  • еңбек шартын тоқтату немесе ақысыз демалысқа жіберу туралы акт;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
  • жүктілік, босану, бала асырап алу немесе үш жасқа дейін бала күтімі бойынша демалысты растайтын құжаттар;
  • БЖЗҚ-дан үзінді көшірме бар.

Қаулының мақсаты

Аталған өзгерістер 2025 жылғы 30 маусымдағы заңды іске асыру аясында қабылданды. Қаулының толық мәтіні Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.

Серіктес жаңалықтары